Аймақтар • 26 Шілде, 2019
Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуде
Алматы қаласында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Жүректен жүрекке» ұранымен басталған болатын.
Аймақтар • 26 Шілде, 2019
Орал қаласында тұңғыш рет жекпе-жек айтыс өтті. Атыраулық Шалқарбай Ізбасаров пен қызылордалық белгілі айтыскер Мұхтар Ниязов, оралдық ақындар Жансая Мусина мен Талғат Мықи арнайы қонақтар қатарында болды. Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында ашық аспан астында өткен сайысқа көрермен көп жиналды.
Аймақтар • 26 Шілде, 2019
«Ұлы даланың Түркістаны» республикалық фотоэкспедициясынан фоторепортаж
Биыл Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толды. 2018 жылдың маусым айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен құрылған облыс бір жылдың ішінде адам танымастай өзгеріп сала берді. Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінің фототілшісі Орынбай Балмұрат Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың Түркістаны» атты фотоэкспедицияға қатысып, тарихы бай, табиғаты әсем облыстың көз тартар керемет көріністерін фотокамерасының нысанына іліп қайтқан еді.
Экология • 26 Шілде, 2019
Жер бетінің жылуына кім жауапты?
Адам әрекеті біздің ғаламшар климатын көз ілеспес жылдамдықпен өзгертуде. Бұл туралы бір топ американдық ғалым Nature халықаралық ғылыми журналына жариялаған жаһандық жылыну тақырыбында жасаған зерттеуінде айтады.
Руханият • 26 Шілде, 2019
Қырғызстанның «Кабар» агенттігінің тілшілері Абайдың өлеңін жатқа оқыды
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған эстафетаны «Кабар» қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінен қабылдап алып, эстафетаны «ЭлТР» телерадиокомпаниясына, Алыкул Осмонов атындағы ұлттық кітапханаға және Ұлттық ғылым академиясының Ш. Айтматов атындагы Тіл және әдебиет институтына жолдады. Бұл туралы Қырғызстанның «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады.