Әлем • 01 Шілде, 2021
Онжылдық санақ: Демографияға алаңдаған әлем елдері
Соңғы жылдары саясат, экономика, денсаулық сақтау салаларындағы ірі оқиғалардың көп болғаны соншалық, кейбір әлеуметтік мәселелер солардың тасасында қалып қойды. Кемінде әр он жыл сайын өтетін халық санақтарының биылғы нәтижелері маңызды деректердің шетін шығарды. Әлемде бір емес, бірнеше ел демография саласында да дағдарыс бола ма деп алаңдаулы.
Ел және Елбасы • 01 Шілде, 2021
Әлемде әртүрлі көшбасшылар, реформаторлар мен консерваторлар, арманшылдар мен прагматиктер болды және бар. Ал біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – Батыстың инновацияларына ұмтылыс танытып, кәрі құрлықтың дәстүрлеріне, сан ғасырлық құндылықтарына Шығысқа тән өшпес ізгілікті үйлестіре білген жасампаз көшбасшы. Елбасы тәуелсіздік таңы атқанда-ақ өз жетістіктерінің ең басты құпиясын дәл айқындап берген: «Халықпен бірге өмір сүріп, халық үшін өмір сүр». Арада өткен жылдар ішінде Елбасы ұлт пен оның көшбасшысының бірлігін нығайта отырып, ойымен де, ісімен де осы қағидатты берік ұстанды, ел тағдыры – өз тағдыры екенін айғақтады.
Саясат • 01 Шілде, 2021
Неміс компанияларымен өткен кездесу барысында цифрлы трансформацияны дамытудағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және экономиканы цифрландыру, өнеркәсіпті автоматтандыру саласындағы бірлескен жобалар жайы талқыланды.
Саясат • 01 Шілде, 2021
Еліміздің мұнай өңдеудегі негізгі үлесін Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобалары құрап отыр. Былтыр үш жоба 53,8 млн тонна мұнай, 44 млрд текше метр газ өндірген. «Үш алыптың» биылғы жоспары былтырғы жылмен деңгейлес. Казір кен орындарында өндірісті одан әрі кеңейту жобалары жүзеге асырылуда.
Саясат • 01 Шілде, 2021
Елорданың даму динамикасы тұрақты
Астана елдің айнасы болғандықтан бұл қалада қандай оқиға, қандай мәселе болсын, қашанда назардан тыс қалған емес. Сондықтан елордадағы елеулі жаңалықтарға бүкіл ел елеңдеп, құлақ түріп отырады. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасап, біраз мәліметке қанықтырды. Ол қысылтаяң шақтың кедергілеріне қарамастан, бас шаһардың даму динамикасы сақталып тұрғанын айтты.