Руханият • 24 Шілде, 2019
Домбыра – қазақтың ділі, діңі десек қателеспейміз. Ұлы даланың бай төсін мыңдаған жылдар бойы мекен еткен түркі халықтары, оның ішінде қазақ ұлысы өзінің қастерлі тарихын домбыраның шанағынан төгілген өміршең ән-күйлермен жазған халық.
Қоғам • 24 Шілде, 2019
Шаған шайқасы батырларына белгі қойды
Белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы өз туындыларына үнемі батыр бабалардың жырын арқау етіп келеді. Оның поэмаларын оқығандар ақынмен бірге арқаланып, қазақтың көне замандағы даласына сапар шегеді.
Руханият • 24 Шілде, 2019
Оралда Қадыр орталығында Күй бөлмесі ашылды
Жуырда Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында өнерсүйер қауымға арналып күй бөлмесі ашылды.
Руханият • 24 Шілде, 2019
Abai175 челенджі: оқудың бәрі тоқу ма?
Өмірдің, көңілдің, күнделікті күйбең тірліктің кез келген көрінісінде тіл ұшына Абай оралады. Қуансаң да, көңілің түссе де, бір мәселенің шешімін іздесең де Абайдың өлеңі, қара сөздері, Абай айтыпты делінген әңгімелер көкейіңді түрткілей береді. «Абайдан сөз қалған ба?..» деп үлкендердің неге тамсанып отыратынын түсінгендей боласың.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Жарылыс жаңғырығы ұзақ сақталады
Арыс қаласының іргесінде орын тепкен әскери қоймадағы жарылыстан аман қалған оқ-дәрілер мен қару-жарақты түгелімен көшіру келесі жылдың мамыр айына дейін аяқталуы тиіс. Алдын ала жоспар бойынша қазір Қорғаныс министрлігінің Арыстағы қоймаларында 28 мың тоннадан аса қауіпті мүлік қалған. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың баяндауынша, бұл қару-жарақ пен оқ-дәрілер 817 вагонға жүк болады екен.