Қоғам • 30 Шілде, 2019
Цифрландыру сыбайластықты жояды
Елімізде медицина саласын цифрландыру бойынша бірқатар ілкімді істер істелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады.
Жазайын деп жазбайсың, айтайын деп айтпайсың, көзің көріп, құлағың естіген соң, амалың таусылып, діңкең құрыған соң қолға қалам ұстайсың. Оның үстіне қиын заманда империя иықтан басып тұрса да, тілге тиек, ойға бұғау салса да айтарын айтып кеткен Алаш арыстары осындай халде ойға оралады. Тұлғасы таудай болып, ұлтым, жұртым деген үні құлақ түбінен шыңылдайды.
Аймақтар • 30 Шілде, 2019
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» тарауында көрсетілген мектеп туризмін дамыту жұмыстары бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі «Village life» жобасын ұйымдастырды.
Қоғам • 30 Шілде, 2019
Өз тәуелсіздігін алған қай мемлекет те халқының азаттығы жолында бар қажыр-қайраты мен білім-білігін аянбай жұмсаған, маңдайтері мен қасықтай қанын төккен перзенттерін ақтап, олардың ерлігінің лайықты бағасын беруді жүзеге асырады. Бұған тарлан тарих куә.
Аймақтар • 30 Шілде, 2019
Шыңылтыр аязда есік пен төрдей кер бестіңді кердең бастырып, іштегі жалын сыртқа ұрғандықтан ішігіңнің түймесін ағытып, мойныңды тұтасымен жапқан түлкі тымақты алшайта киіп, ен даланың қожайынындай келе жатсаң, шіркін! Жаныңда қоян, түлкі сорабын індетіп келе жатқан тазы тоят тілеп жан-жағына еміне қарайды. Астыңдағы қамшы бассаң атыла жөнелуге дайын атыңның өмілдірігінен бастап құйысқанына дейін күміспен бедерленген. Алыстан көз қарықтырып жарқырайды. Баяғының сал серісі дерсіз. Сән-салтанаты келіскен мұндай ат, мұндай киім кию қайда дерсіз. Қолыңыздан келеді. Мүмкін, бәрі де мүмкін.