Спорт • 16 Тамыз, 2023
Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қатары артты
Спортпен шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны соңғы 3 жылда 25,3%-ға өскен. Егер 2020 жылы 38 352 болса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 51 325 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Тамыз, 2023
Таразда заманауи онкологиялық орталық ашылды
Таразда сәулелік терапияға арналған жоғары технологиялық үдеткішпен, сондай-ақ соңғы КТ және МРТ аппараттарымен, эндоскопиялық және ең аз инвазивті жабдықтармен жабдықталған заманауи онкологиялық орталық ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Білім • 16 Тамыз, 2023
Қазақстанда екі университеттің атауы өзгерді
Ғылым және жоғары білім министрі 2023 жылғы 1 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Тамыз, 2023
Гавай аралдарындағы орман өртінен 101 адам көз жұмды
Гавай аралдарының билігі Мауи аралындағы орман өрті салдарынан қаза тапқан 101 адамның жеке басын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан-Қытай алғашқы ірі бизнес-форумы өтті
Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласының 200-ден астам кәсіпкері 2023 жылғы 14 тамызда қазақ-қытай бірінші бизнес-форумына қатысты. Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады. Форумның ашылуында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі ел халықтары арасында қалыптасқан тығыз байланыстарын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.