Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды
Ел экономикасы 7 айдың қорытындысына сәйкес 4,8%-ға өсті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы және өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы қаралды.
Экология • 16 Тамыз, 2023
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
16 тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан – Қытай: Тиімді серіктестік
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің ҚХР-ға жұмыс сапары ең ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласынан басталды. Мұнда «Global Fortune» 500 әлемдік рейтингіне кіретін 10 қытайлық компанияның кеңселері орналасқан. Онда осы тізімге кіретін екі конгломерат – «Amer International Group және Huawei technologies» басшылығымен кездесу өтті.
Спорт • 16 Тамыз, 2023
Әзербайжанда нысана көздеуден әлем чемпионаты басталды
Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті. Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 16 Тамыз, 2023
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторындағы негізгі ахуалдар, соның ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) өзгертуге байланысты газет редакциясынан жолданған сауалға жауап берді. Олар Ұлттық банктің ақша-кредит статистикасының дерегіне сілтеме жасай отырып, тұтынушылық қарыздардың көлемі 8,5 трлн теңгеге жеткенін хабарлайды. Бұл – бөлшек несиелеудің жалпы көлемінің 54,2 пайызы.