Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Абай елі бұрын да, қазір де Абайдың туған күнін 10 тамыз күні атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биылғы ақынның туған күні де Жидебай басында ерекше аталып өтті. Оған мұрындық болған Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Қоғам • 19 Тамыз, 2019
«Байсерке-Агро» агрохолдингінің басшысы Темірхан Досмұхамбетов айтқандай, «Білім, ғылым және өндіріс бірлігі – ауыл шаруашылығы өндірісін көтерудің негізі және кәсіпорын жетістігінің формуласы».
Қазақстан • 19 Тамыз, 2019
Ғылымды қаржыландыру – маңызды мәселе
Әлемнің дамыған мемлекеттері ғылымды бәсекеге қабілетті қоғам құрудың іргетасы деп есептейді. Әлемдік білім кеңістігінің жаңа сапалық белгілерін де ғылымның дамуы айқындауда. Әсіресе «цифрлы қоғамда» қай мемлекет ұрымтал, тиімді ғылыми жаңалықтар мен ақпараттарды жасай алса, сол мемлекеттер пайдаға кенеледі, күшейе түседі. Цифрлы технологияларды меңгерген жас ұрпақтың мемлекетке пайдалы шаруамен айналысуы ғылыми зерттеулерді жолға қоюда шешуші рөл атқаруда. Жылдам өзгеріп жатқан қоғамның экономикалық жаңаруы, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, баламалы қуат көздерін пайдалану, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты міндеттер ғылыми ізденістер мен зерттеулерді белсенді жүргізуге тәуелді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Шағын аудандардың тұрғындарымен кездесті
Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігі үшін шешімі кезек күттірмейтін түйіннің бірі – қалаға Түркістан облысынан қосылған елді мекендердің инфрақұрылым мәселесі. Шаһарға қосылып, жартымыз бүтінделіп, жыртығымыз жамалады деген ағайынның жыл он екі ай көтеретіні де осы тақырып.
Қоғам • 19 Тамыз, 2019
Жалпы әлемнің көптеген елдерінде біреуден бірдеңені тегін сұрап алу деген баяғыда қалған дүние. Бірақ бізде әлі бар. Бір қуаныштысы, атадан балаға мирас болып келе жатқан осы дәстүр жуық маңда өз мәнін жоя да қоймайтын секілді. Мұны осы сұрап алу тәсілдерін жақсы меңгерген адамдардың қазір жақсы тұрмыста өмір сүріп жатқанына қарап аңғаруға болады.