Қоғам • 14 Тамыз, 2023
Аймаққа облыстың құрылуымен бірге келген игі істердің бірі – жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жеңілдікпен несие беретін «UlytauZhastary» бағдарламасы. Облыс әкімдігі мен «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы бірлесіп қолға алған жобаның жемісін көріп жатқан жастар қазірдің өзінде жеткілікті.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2023
Текелі жұрты қашан таза су ішеді?
Былтыр да бұл тақырыпты кеңінен тарқатып жазғанбыз, биыл тағы оралып отырмыз. Қаншама жылдан бері ауыз судан тарыққан жұрттың арызын ескермеген шенеуніктердің әрекеті бейқамдық секілді. Себебі өзеннен су ішіп отырған тау етегіндегі жұрт жаңбыр жауып, дауыл тұрса, лай ішуге мәжбүр. Осы түйткілге келгенде әкімдіктің ақылы жетпейді. Қыруар қаржы жұмсалғанымен, Текелі халқы жыл сайын кедергімен күресуге құмбыл.
Білім • 14 Тамыз, 2023
«Бала ауру не зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген иран елінің мәтелі – шын дұрыс мәтел», депті Алаштың арысы Мағжан Жұмабаев. Ұлт ақыны айтқан арда сөз өзектілігін әлі жойған жоқ.
Білім • 14 Тамыз, 2023
Қиын түйіннің күрмеуі шешіледі
Өңірде үш ауысымды мектептің мәселесі туралы кейінгі жылдары жиі айтылатын. Оған білім ошағының тапшылығын қосыңыз. Жаңа оқу жылы қарсаңында осы бір түйінді мәселелер туралы тарқатып айтудың реті келіп тұр.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2023
«Қонақжай отбасы» тіл үйретеді
Қазақтың тілін үйреніп, әдет-ғұрып, салт-санасын бойларына сіңіру үшін Шығыс Қазақстандағы орыс ұлтының бір топ баласы жазғы каникулда Катонқарағайдың ауылдарында өткізді. Ала жаздай ауылда жүрмесе де, бір айға жуық ауылдың ауасымен тыныстап, қазақ тілін үйренген болды.