Экономика • 11 Тамыз, 2023
Жыл сайын ел ырыздығын еселеуге зор үлес қосатын ақмолалық диқандар жауапты науқан алдында дайындық жұмыстарын ширата түсті. Ерте көктемде өңірдің 5,4 млн гектар алқабына дәнді дақылдар тұқымы сіңірілген болатын.
Экономика • 11 Тамыз, 2023
Мал шаруашылығын басқарудың оңтайлы жолы
Мал шаруашылығын цифрландырумен айналысатын «Cowmas Qazaqstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі канадалық «HerdWhistle Technologies Inc.» мал басының нақты мониторингі компаниясымен стратегиялық серіктестігі туралы мәлім етті. Бұл ынтымақтастық ауыл шаруашылығының осы қосалқы секторының тиімділігі мен табыстылығын арттыру үшін еліміздегі мал шаруашылығын басқару тәжірибесін өзгертуге бағытталған.
Экономика • 11 Тамыз, 2023
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, биыл елімізде 170 өнеркәсіп жобасын іске асыру көзделген. Үшінші тоқсанда Екібастұз маңында жылына 240 мың тонна ферросилиций шығаруға қауқарлы ауқымды өндіріс орнының қызметі жолға қойылмақ. Бұл жыл сайынғы экспорттық табысты шамамен 460 млн долларға ұлғайтуға мүмкіндік беріп, 800 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға жол ашпақ. Жоба құны – 92 млрд теңге.
Бизнес • 11 Тамыз, 2023
Кәсіпке бейім жастардың қам-қарекеті көңіл сүйіндіреді. Ата-анаға жаутаңдамай өз алдына мақсат түзіп, соған сай еңбек етуі ертеңінің жарқын боларына сенім сыйлайды. Бұл ойға «Мақта қыз» тігу шеберханасына барғанда келдік. Сән-салтанаты жарасқан шағын кәсіпорынды шыр айналдырып отырған Салтанат Зәуренбек жас та болса, берекелі іске бет бұрыпты.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2023
Жетісуда суару желілері тозған
Бүгінде Жетісу секілді егін шаруасына бейім өңірлер судан таршылық көріп отыр. Әсіресе, жергілікті шаруалар дабыл қағуда. Мәселен, облыста суару желілері мен гидротехникалық құрылыстардың физикалық тозуына байланысты арналардағы судың жоғалуы артып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін облыста айналымнан шыққан 52,8 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруге 8 ауданда суару желілері қайта жаңғыртылмақ.