Қоғам • 11 Тамыз, 2023
Қазақ қоғамы қылмыс атаулыдан ада емес. Әсіресе отандық экономиканың өрге басуын тежейтін, тіпті тұрғындардың сеніміне селкеу түсіретін қылмыстың қауіптісі – сыбайлас жемқорлық. Жегі құртқа айналған қылмыстың бұл түрі шарпымаған сала қалмады. Бәрінде де жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың тәуекелі байқалып жүр.
Қоғам • 11 Тамыз, 2023
Елімізде ұрлық түрлерінің төрттен бірі пәтер тонау болып отыр. Ішкі істер министрлігінің дерегіне мән берсек, жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам адам дәл осы қылмыс түріне қатысты ұсталған. Оның ішінде түрлі қалада ұрлық жасайтын 100-ге жуық «көшпелі ұрылар» мен 175 қылмыстық топ әшкереленген. Бұл туралы Криминалды полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әсет Жүкенов мәлімдеді.
Ғылым • 11 Тамыз, 2023
Тәуелсіздік жылдарындағы отандық білім мен ғылымның дамуын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Бақытжан Жұмағұловсыз көзге елестетудің өзі қиын. Оның есімі білім берудің деңгейлері мен ғылымды жаңғыртуға тікелей қатысушы әрі ұйымдастырушы ретінде қоғамға белгілі. Тарлан тұлғаның тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің қалыптасуы мен дамуына, партиялық құрылыс ісіне сіңірген еңбегі де орасан зор.
Ғылым • 11 Тамыз, 2023
Жасыл желекті көркейтуге арналған жиын
Соңғы жылдары елімізде ауа райының өзгеруіне байланысты жылдық жауын-шашын түсім мөлшерінің азаюы, қуаңшылық, судың жетіспеуі және басқа да табиғи факторлар орын алып жатыр. Бұл мәселелерге Мемлекет басшысы мен Үкімет ерекше назар аударып келеді. Осы орайда халықты, экономика салаларын және табиғи нысандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін елімізде 2050 жылға дейінгі ғылыми-қолданбалы инновациялық стратегия әзірленді.
Спорт • 11 Тамыз, 2023
Борис Собкин: Қазақстанда талантты теннисшілер өсіп келеді
Жуырда елордадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Президент кубогі аясында «ATP Challenger Tour» және «ITF World Tennis Tour» турнирлері аяқталды. 2007 жылдан бері халықаралық жарыс мәртебесіне ие болған еліміздегі турнирге әр жылдары теннис әлемінің үздіктері қатысып, жарыс жеңімпазы атанған. Биылғы байрақты додада болашағынан үміт күттіретін жас спортшылар бақ сынады. Сол жас өрендердің өнерін тамашалауға Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, ATР турнирлерінде 10 мәрте жеңіске жетіп, әлемнің экс-сегізінші ракеткасы атанған Михаил Южныйдың жеке бапкері Борис СОБКИН де келген болатын. Қазақстан теннис федерациясының көмегімен жарыс аясында білікті бапкермен еліміздегі жас теннисшілердің болашағы, жаттықтырушылардың деңгейі туралы аз-кем тілдескен едік.