Қазақстан • 31 Тамыз, 2020
Қазақстандық экипаж жартылай финалда
Еліміздің атынан сынға түсіп жатқан танкіші-жауынгерлер кезекті жарыста екінші орынды иеленіп, Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» байқауының жартылай финалына жолдама алды.
Руханият • 31 Тамыз, 2020
Өзіміз бен өзгелердің өміріне қиянат жасамайық
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тағаланың атымен бастаймын. Алланың «Ас-Салам», яғни амандық пен шипа беруші көркем есімдерін ұлықтай отырып, дертке шалдыққандардың дертіне тағы да шипа сұраймыз. Қайтыс болғандар үшін Алладан рақым, Пайғамбардан шапағат тілейміз. Алла бәрін көріп тұр. Бұл сынақтың соңғы нәтижесі де Оның құдірет-құзырында. Өйткені ол шексіз білім мен хикмет Иесі.
Оқиға • 31 Тамыз, 2020
Еуропада «антикоронавирустық» наразылықтар жүріп жатыр
Берлин полициясы жексенбі күні «антикоронавирустық» акцияға шыққан 300-ге жуық адамды жауапқа тартты. Олар белгіленген санитарлық ережелерді бұзып, әлеуметтік қашықтықты сақтамай, қоғамдық орында маска тақпады деп айыпталуда. Мұндай коронавирус тыйымдарына қарсы акциялар Еуропаның басқа да қалаларында жүріп жатыр.
Қоғам • 31 Тамыз, 2020
Шомылу маусымы: Сақтыққа салғырттық сан соқтырады
Су. Өмірдің өзегі, тіршіліктің көзі әдетте осы судан басталады деп жатамыз. Алайда соның кесірінен көп адамның өмірі үзіліп, дәм-тұзы таусылатыны да жасырын емес. Судың емес-ау, немқұрайлықтың кесірінен деген жөн болар. Өкініштісі сол, қарапайым суға шомылу ережелерін сақтамаудың салдарынан оқыс жағдайға ұшырап жатқандардың саны жыл санап артып келеді. Биыл да солай...
Әлем • 31 Тамыз, 2020
Еуропалық одақ Беларусь шенділеріне қарсы санкция әзірлеуде
Еуропа одағы сайлау нәтижесінің фалсификациясы мен наразылықтарды күшпен тоқтатуға атсалысқаны үшін 20 беларустық шендіге қарсы санкция жариялау шешімін мақұлдады. Тізімді Александр Лукашенко бастап тұр. «Біз тізімде кім болады, оның санына қатысты жалпы келісім дайындадық», деді Чехия Сыртқы істер министрі Томас Петричек Берлиндегі Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің кездесуінде. Алайда техникалық себептермен тізім ең жылдам дегенде келесі аптада дайын болмақ.