Қазақстан • 29 Тамыз, 2023
Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн деп жариялады. Егемендік алғаннан кейін атом бомбасының арсеналы жөнінен әлемдегі төртінші орын алатын еліміз мұндай қарудан өз еркімен бас тартты.
Мектеп • 29 Тамыз, 2023
Мектепке дайындық осал топтағы отбасыларға оңай соқпай тұр
Әне-міне дегенше жаңа оқу жылы басталады. Күз жақындаған сайын баласын ертіп базарға жүгірген жұрттың қарасы қалың. Бұл – мектепке дайындық қамына кіріскен ата-ананың борышы. Ал мұндай сұраныс бар жерде бағаның аспандайтыны сөзсіз. Оны кей ата-аналардың қалтасы көтере ме?
Экономика • 29 Тамыз, 2023
«Қазақстанда жасалған» жобасы неге отандық өндірушілерді қорғай алмады?
Жақында Астанада Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде өткен кездесуде отандық азық-түлік өнімдерін өндіретін салалық одақтар өкілдері өз өнімдерін ел ішінде сатуда үлкен кедергіге тап болып отырғанын алға тартты. Себебі жергілікті сауда желілеріне импорттық тауарлармен жұмыс істеген тиімдірек, ал мемлекет сауда орталықтары мен гипермаркеттердің «коммерциялық тәбетін» қанағаттандыруға тіптен ұмтылмаған да деуге болады.
Сенат • 29 Тамыз, 2023
Сенат депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесуде мұқтаж азаматтар үшін бизнес-идеяларды қаржылық қолдау мәселесі сөз болды.
Саясат • 29 Тамыз, 2023
«Арселорға» Үкіметтің әмірі жүрмей ме?
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ әлі де алаңсыз. Өткенде ғана шахтасынан өрт шығып, бес кенші қаза тауып, үлкен сынға ұшыраған еді. Әнеугүні тағы да Сарандағы шахтасынан өрт шықты. Абырой болғанда жер астындағы кеншілер аман. Ал алпауыт компанияның мына жауапсыздығы кәсіпорын иелерінің жүйкесіне аса қатты тиіп тұр. «АМТ» отандық кәсіпорындарға қарызын өтемей, қашып отыр. Қарыз сомасы – 2 млрд 610 млн теңге. Мұның салдары 500 жұмыскердің үш айдан бері жалақы алмағанына алып келді. Зауыт жұмысы тоқтап, 200-ге жуық адам жұмыссыз қалды. Бұған басы ауырып, балтыры сыздаған әлгі компанияңыз емес.