Қоғам • 01 Тамыз, 2019
Әлеуметтік инвестициялардың жаңа форматы іске қосылды
Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының бірі студент жастардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Осы міндеттерге қол жеткізу үшін Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп жеке сектордың кеңінен қатысуын көздейтін мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігін әзірледі.
Ресейдің Сібір аймағындағы алапат өрттің тұтанғанына бір аптаға жуықтады. Алайда көршілес елдің төтенше жағдайлар қызметі тілсіз жауды ауыздықтауға мұрсаты жетпей жатыр. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Александр Чуприянның хабарлауынша, қызыл жалын тайганың 3 млн-ға жуық гектар аумағын шарпыған екен.
Экономика • 01 Тамыз, 2019
Көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығын жою қарастырылады
Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы шеңберінде көппәтерлі үйлердің меншік иелері үшін жер салығын жою және жеке тұлғалардан алынатын мүлік және жер салығын бір салыққа біріктіру ұсынылуда. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Дарынды жастарға даңғыл жол ашқан
«Зерен-2019» республикалық жастар білім беру жазғы лагерінің үшінші ауысымы жабылды. Бірден айта кетелік, бағалы бастама баянды болды. Жылт еткен жаңалыққа жаны құмар талапты жастардың өрісіне кең жол ашты. Лагерьдің жабылу рәсіміне Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Президенттік кадрлық резерв Іріктеу 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялады.