Әлем • 03 Тамыз, 2020
АҚШ президенті Дональд Трамп «ТикТок» бағдарламасын ел аумағында қолдануға тыйым салатынын мәлімдеді. Ақ үй басшысының сөзіне сүйенсек, аталған қытайлық бағдарлама тұрғындардың жеке мәліметіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ ол «Майкрософт» компаниясының «ТикТокты» сатып алуға ниет білдіргеніне де назар аударған жоқ.
Парламент • 03 Тамыз, 2020
Парламент сайлауы кейінге шегерілді
Гонконг билігі коронавирус пандемиясы салдарынан парламент сайлауын кейінге шегеретінін мәлімдеді. Мемлекеттегі демократтар билікті бұл әрекетке өзінің әлсіздігінен барды деп айыптап отыр.
Футбол • 03 Тамыз, 2020
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» командасымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін де Исламхан аталған команда құрамында 5 ай жалда ойнаған.
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
Вакцина «бәйгесі»: Үміт пен күдік
Әлемді әуреге салған пандемияны тоқтатудың бір жолы – вирусқа қарсы вакцина. Ақпан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцина әзірлеуге 18 айдан кем емес уақыт керек деп болжаған еді. Алайда 17 миллионнан астам адамға жұғып, 680 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған вирусты жеңуге деген ұмтылыс күтпеген жылдамдықпен өрбіді. «Емі табылды, вакцина дайын» деген сүйінші хабарлар көбейді.
Әлем • 02 Тамыз, 2020
COVID-19: Аустралияда жағдай ауырлады
Аустралияның Виктория шататы COVID-19 өршуі жайында дабыл қағып, Мельбурнға коменданттық уақыт енгізді деп хабарлайды Reuters.