Білім • 19 Қыркүйек, 2018
Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейінің 105 жылдық тарихы бар. Үш жыл бұрын «Электронды мектеп» жүйесіне енген білім ошағында бүгінде тілдерді тереңдетіп оқытумен қатар, таңдау курстары да ұйымдастырылған. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамында жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындары ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңімен көшу керектігі айтылған болатын.
Білім • 19 Қыркүйек, 2018
Рухани жаңғыру және білім беру ісі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халқымыз үшін стратегиялық мәні зор бағдарламалық еңбегінде бірқатар маңызды міндеттерге, Қазақ елінің болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселелерге баса назар аударылғаны мәлім. Мұнда ол басты мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни ой-сана күнделікті өмір талабына сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін, бұл еліміздегі саяси және экономикалық жаңаруларды толықтырып қана қоймай, солардың өзегіне айналуы керектігін ерекше ескертті.
Үкімет • 19 Қыркүйек, 2018
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамту бойынша жол картасының жобасы қаралып, Астана қаласының 2019-2023 жылдарға арналған жинақы құрылысы жөніндегі кешенді жоспары таныстырылды. Сонымен қатар биылғы егін жинау жұмысының барысы баяндалды.
Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy.
Білім • 19 Қыркүйек, 2018
Алаш арыстары білім алған Семейдегі оқу орнына 115 жыл толды
Кәсіби құзыретті педагог кадрлар даярлайтын іргелі оқу орны Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі 1903 жылы, 23 қыркүйекте Семей мұғалімдер семинариясы негізінде ашылған тағдыр-талайы күрделі, шежіресі бай, еліміздегі тұңғыш оқу орны.