Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023
Танымал vRINGe.com сайты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Өкінішке қарай, үздіктер тізімінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.
Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023
Ұлыбританияның танымал кәсіпқой боксшысы Крис Юбенк еліміздің мақтанышы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Әлеуметтік желі арқылы ол GGG-ге «Мен Генамен бұрыннан бері жұдырықтасқым келіп жүрген. Бірақ реті бір келмеді. Енді біздің бетпе-бет келуімізге еш кедергі жоқ деп ойлаймын. Егер Головкин қаржылық жағдайын жақсартқысы келсе, менімен күш сынассын. Сонда ол материалдық тұрғыдан үлде мен бүлдеге оранады» деген жазба қалдырды.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
Санаулы күндерден кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның дзюдошылары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл жолы 14 жерлесіміз жарыс көрігін қыздырады.
Теннис • 19 Қыркүйек, 2023
Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен Дэвис кубогінің плей-офф сайысында Қазақстанның теннисшілері Болгария құрамасын 3:1 есебімен ұтып, 2024 жылдың ақпан айында өтетін іріктеу турнирінің финалында күш сынасу құрметіне ие болды.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023
Бақташы емес, баукеспе болып шықты
Қызылорда облысында бақташы қожайынның сеніп тапсырған малын сатып, өз мақсатына пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.