Табиғат • 19 Қыркүйек, 2023
«Kieli tabigat» республикалық экологиялық акциясына керекулік жастар мен жергілікті тұрғындар да белсене атсалысты. Бұл күні туристік аймақ – Баянауылда 200-ден астам, ал облыс орталығындағы тазалық іс-шараларына мыңға жуық адам қатысып, туған өлкелерін қоқыстан тазартты.
Жастар • 19 Қыркүйек, 2023
«Kieli tabigat» бірыңғай республикалық экологиялық акциясына жұдырықтай жұмыла қатысқан Ұйғыр ауданының жастары киелі өлке Шарын шатқалына тазарту жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға «Шарын» ұлттық паркінің қызметкерлері мен волонтерлер қатысты.
Төтенше жағдай • 19 Қыркүйек, 2023
Биылғы жазда да орман өрті жиіледі. Қарағанды облысында орман 17 рет отқа ораныпты. Жалын шарпыған жасыл желектің жалпы аумағы – 55,71 гектар. Жергілікті мамандар жанталасып жатыр: өрттен сабақ алды, келесіде тілсіз жауға жол бермеудің мейлінше амалын қарастырады.
Форум • 19 Қыркүйек, 2023
Атырауда өткен «Sarayshyq upgrade-2023» халықаралық форумына Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей және еліміздің облыстарынан 200-ден аса жас жиналды.
Білім • 19 Қыркүйек, 2023
Былтырдан бері Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеген азаматтарға білім беру жеңілдіктерін ұсыну арқылы жастардың әскери қызметке деген ынтасын арттырып келеді. Жоба өзін ақтай бастады. Бүгінде жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырмай түсу мүмкіндігін 604 отандасымыз пайдаланған.