Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапарын осы елдегі бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Соларды іріктеп оқырманға ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Қос тарапқа да тиімді келісімдер жасалды
2005-2017 жылдар аралығында түрік инвесторлары Қазақстанның экономикасына 4,6 млрд доллардан астам қаржы құйды. Түрік инвестицияларының бір ерекшелігі, олардың экономиканың өңдеуші секторына, сауда саласына және логистикаға көптеп салынуы еді.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
2016 жылы Қазақстан мен Түркия сауда айналымы 3,5 млрд АҚШ долларының шамасында еді. Сондықтан мемлекеттер басшылары сауда айналымын 5 млрд долларға жеткізу жөніндегі межені белгіледі.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жылдардағы шетелдерге сапарларының барлығы Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге бағытталғандығын көріп отырмыз. Бұл қадам экономикалық қарым-қатынас, сауда байланыстары арқылы жүзеге асырылуда.
Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптада Түркияға жасаған ресми сапары барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттар жан-жақты талқыланып, өзара әріптестікті уақыт талабына сай жандандыруға өзіндік ықпалын тигізетін бірнеше құжатқа, нақтылай айтқанда, 1,7 миллиард доллардан асатын 24 коммерциялық келісімшартқа қол қойылуы Қазақстан-Түркия қатынасын жаңа деңгейге көтерудің маңызды қадамы болды.