Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023
Өңірді өркендету үшін қандай көмек болса да артық емес. Ұлытау облысы құрылғалы «Қазақстан халқына» қорымен тығыз байланыс орнатылды. Соның нәтижесінде облыста аталған қордың қолдауымен көптеген жұмыс атқарылды. Қор төрағасы Болат Жәмішев жуырда аймаққа арнайы келіп, облыс басшылығымен, депутаттар, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен дөңгелек үстел басында кездесті.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2023
Ел астанасында көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған көрмеден басталған іс-шаралар легі дөңгелек үстел басындағы рухани жиынға ұласты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Шолпандай таң алдында туып батты» атты конференцияға мәдениет пен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен қарапайым оқырман қауым қатысты.
Табиғат • 17 Қыркүйек, 2023
Каспий теңізінің жағалауына таяу маңда жыл сайын шілде, тамызда лотос гүлдейді. Ерекше тропикалық гүлдің кез келген жерде өсіп-өнбейтінін білетін қауым жолы түссе, сол гүлді арнайы барып тамашалайды.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023
Қоршаған ортаның қолайсыз ахуалы
Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық ахуалы қалыпты жағдайда, дегенмен көптеген бұзушылыққа жол беріліп отыр. Экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың айтуына қарағанда, қалдықтарды үюдің тәртібін бұзған 242 орын табылған. Соның 172-сі – рұқсат етілмеген жерге үйілген қоқыс пен қалдықтар. Қалған 70-інің де жағдайы мәз емес, ондағы қоқыстар белгіленген шекарадан асып кеткен. Қазір соның 186-сы жойылған. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері ғарыштық зондтау арқылы және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геопарталы арқылы анықталған.
Ауыр атлетика • 17 Қыркүйек, 2023
Сауд Арабиясының бас шаһары – Эр-Риядта ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жер-жаһанның әр қиырынан Араб түбегіне жиналған 700-ге жуық зілтемірші әлемдік доданың бас жүлдесінен бөлек, келесі жылы Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарының жолдамаларын да сарапқа салды. Өкінішке қарай, әлемдік додада өнер көрсеткен жерлестеріміздің бірде-біреуі жүлдегерлер қатарынан көріне алмай, елге құралақан оралды.