Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Ақпараттық тасқынға қалай төтеп береміз
«Қазмедиа» орталығында өткен Astana Media Week-2024 апталығының соңғы күнінде де түрлі тақырыпта бірнеше сессия өтіп, марапаттар табысталды. Оған БАҚ өкілдері, журналистер, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың баспасөз қызметкерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аңдатпа • 28 Қыркүйек, 2024
29 қыркүйек - «Жусан иісі» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында С.Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы сахналанады. Режиссері – Ж.Жұманбай.
Руханият • 28 Қыркүйек, 2024
Бүгінде екі сәбидің бірі – Әлихан. Орысша ойлау қамшы салдырмай тұрғанда көбісі, әлбетте, Алихан. Қалайда біз бұған «шүкір!» дейміз. Бұл балалар есейе келе есімінің сырына үңіліп, Әлихан Бөйкейханды іздейді деп ойлаймыз. Қазір Алаш көсемі мұрасы 15 том болып жарық көрген. Оқимын, танысамын деген балаға да, оның ата-анасына да мүмкіндік мол.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024
Адамзаттық деңгейдегі ақыл-ой алыптары ұлт шекарасына сыймайды. Олар қара түннің шымылдығын дар айырып, шолпанды жыққан күн секілді арайын алысқа да, жақынға да шашады. Алақандай Бөріліде дүниеге келіп, Еуразия кеңістігінің ерен тұлғасына айналған жан – Мұхтар Әуезов.
Жансарай • 28 Қыркүйек, 2024
Ұлт басылымы – ұлттың жоқшысы. Тілінің тірегі, қашты-қудыға бой алдырмайтын сабырлы ынтымаққа бастайтын білегі десек болады. Бізге қазір кешпес парыз – бардың бағасын біліп, жоқты түгендеу болып тұр. Бұл жерде қиқымды қолтығына қыстырмайтын ірілік, «Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?» (Ә. Бөкейхан) дейтін адалдық алда тұрса, «атадан балаға мұра болып бай тіл, байтақ жер қалды. Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы. Қуғыншы қандай болса, мал табылмақшы» деп ұлттың шырылдаған шын ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан, тіл тірлігі малтықпай, мұра ұлттық мұнараға айналып, ұрпақ түрлі сылтаудың торына түспей, ала-құла күн кешпесі айдан анық.