Медицина • 01 Қыркүйек, 2017
Білім • 01 Қыркүйек, 2017
Шығыс өңірінде төрт мектеп есігін айқара ашады
Жаңа оқу жылының басталуына өңірдегі білім ордалары қаншалықты дайын? Биыл қанша мектеп ашылады? Оқулықтар жеткілікті ме? Облыстық білім басқармасының берген мәліметтеріне сүйенсек, 1 қыркүйекте өңірдегі 663 тәрбие ошағына 184 мыңнан астам оқушы сабаққа барады, оның 21 мыңға жуығы алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.
Халқымыздың ежелгі ақындық және жыраулық дәстүрін мазмұн мен түр жағынан одан әрі байыта білген тарихи тұлғалардың бірі Нұрпейіс Байғанин десек, қателеспейтін шығармыз. Оның артына қалдырған әдеби мұрасын зерттеген әдебиетші ғалымдар Байғаниннің ауыз әдебиетінің үлгілері мен нұсқаларын жазба әдебиеттің көркемдік деңгейіне көтере алғанына басымдық береді.
Білім • 01 Қыркүйек, 2017
Ұлы мұрат – білімнің салтанат құруы
Қызылордада өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесі «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбына арналды. Қоғамдық сананы жаңғыртуды арқау еткен кеңеске облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мариямкүл Мұқатаева, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім беру бағдарламалары орталығының директоры Жанар Әбділдина мен Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Құлымбет әулие кесенесіндегі құпия
Өлкенің тарихын, ұлан-ғайыр далада кімдер өткенін білгісі келетін, содан өзіне рухани дүние алатын адам ұлтына қарамайды. Арқалық қаласындағы «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының аға қызметкері Игорь Роговой – осы өңірдің тумасы. Жастайынан ауылда ақсақалдардың әңгімесін тыңдап өскен. Қазақ тілін жүргізіп сөйлеп кетпесе де, таза түсінеді. Ең қызығы, Торғай өңірінің тарихын бір кісідей білемін дейтіннің бірі. Өйткені, он шақты жылдан бері Торғай өңірін аралап, тарихи орындарды суретке түсірген, кәсіби фотограф. Тамыз айында Кейкінің табаны тиген жерлерге «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастырған баспасөз турында сапарлас болғанымызда Игорь Иванович өзін әулиелер кесенесі қызықтыратынын айтқан еді.