Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022
Алакөл ауданы облыс орталығына шалғайда жатқанымен шаруа қожалықтарының атқарылып жатқан шаруасы көл-көсір. Мәселен, майлы дақылдар алқабы былтырғымен салыстырғанда 1,7 гектарға ұлғайған, өнім де жоғары. Оған қоса Лепсі балынан сабын өндіріп саудалауда. Ал балық өңдеу зауыты өнімдерін Еуропа елдеріне экспорттап жатыр. Ауданға арнайы іссапар барысында бірнеше шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Білім • 29 Қыркүйек, 2022
Карина – қазақ тілінің мұғалимасы
Өзге ұлт өкілдерінің жергілікті ұлт тілінде майын тамызып сөйлеп тұруы қалың қазақ жайлаған өлкеде таңсық емес. Қазақ тілінің кірпігі ғана қимылдап тұрған солтүстік өңір үшін сүйінші жай. Тілімізді сыйлап, тіршілігімізді толайым өз бойына шақтап алған өрендердің бойынан туған топырағына деген оттай ыстық ықылас пен қалтқысыз құрметті көргенде жүрегіңнің бір шымыр етері бар.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2022
Digital Nomads IT қоғамдастығының 400-ден астам қазақстандық өкілі бүгінде әлемнің жетекші компанияларында еңбек етеді. Соның бірі – Шыңғыс Каримов. Ол Amazon-ның Лондон филиалында мәліметтерді зерттеуші қызметін атқарады.
Әдебиет • 29 Қыркүйек, 2022
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022
Алматыда Арт-галерея аз емес. Алайда заманауи құралдармен жабдықталған көрме өткізуге ыңғайлы кең залдарға сұраныс суретшілер тарапынан қашан да жоғары болып келеді. Жақында өнердегі қадамын жаңа бастаған, сондай-ақ қоғамға танымал, кәсіби мамандардың көрмелері мен тұсаукесерлерін өткізуге арналған жаңа галерея – көпбейінді арт-платформаға айналатын Efes Art Space кеңсе кеңістігі тұсауын кесті.