El Prezıdenti Nursultan Nazarbaevtyń «Qazaqstan – 2050» damý Strategıasy, «Bolashaq», «Mádenı mura» memlekettik baǵdarlamalary, «Jahandaǵy zamanaýı qazaqstandyq mádenıet», «Qazaqstannyń qasıetti rýhanı qundylyqtary», «100 jańa esim» jobalary, «Máńgilik El» ıdeıasy, sondaı-aq memleketimizdiń ıntellektýaldyq, ǵylymı-aǵartýshylyq dárejesin bıiktetýdegi, adam kapıtalyn (bilim, ǵylym, mádenıet, sport) jan-jaqty, tolyq óristetýdegi kóregendik saıasaty el kórkeıýiniń kepili.
Өнер • 27 Қыркүйек, 2018
Аққанатпен досымдай сырласамын - Айшолпан
Қазақ – қыраннан қырағылық пен еркіндікті, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Сол асыл қасиеттің барлығын біз байөлкелік 17 жастағы қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызының бойынан тапқандай болдық. Жаһанданудың жаңалығы шартарапты шарлап, әлем жаппай жаңашылдыққа ұмтылғанда, өзінің дәстүрі мен салтына, ұлттық құндылықтарына деген риясыз құрметіне қылау түсірмей, керісінше қазаққа тән қасиетімен Алаш атын жер дүниеге мәшһүр етті. Бүгінде қолына қыранын қондырып, тұлпарын тақымдаған қазақ қызының бейнесі шартарапты шарлап кетті. Айшолпанды қазақтың ғана емес, күллі көшпенділердің абыройын көкке көтерген «қанатты қыз» десек бек жарасымды. Бүркітін баптап, қыз баласына таңсықтау осы бір қызық та қиын кәсіпті серік еткен арумен әңгімеміз саятшылық өнердің қыр-сыры аясынан өрбіді.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
«Kazakh Tourism»: маңызды миссия арқалаған компания
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанда туризмді дамытуға ерекше маңыз беріп, осы бағытта Үкіметке нақты міндеттер жүктегені белгілі. Бұл орайда, Қазақстанның туристік орталық ретіндегі халықаралық аренадағы танымалдығын арттыру, ұлттық туристік брендті қалыптастыру және басқару, осы салаға инвестиция тарту арқылы отандық туризмді дамыту сынды маңызды миссияны табысты жүзеге асырып келе жатқан ұйым – «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ.
Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018
Елордада БАҚ өкілдерінің басын қосқан айтулы шара басталды
Кеше Астанадағы «Қазмедиа» орталығында дәстүрлі «Astana Media Week» медиа-апталығы басталды. Басты тақырып – «DIGITAL MEDIA». Үш күнге созылатын шараға Қазақстан ғана емес, алыс-жақыннан шетелдік медиаиндустрияның топ-менеджерлері, елуден астам продакшн-компания өкілдері, аймақтық-шетелдік бұқаралық ақпарат өкілдері қатысуда.
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2018