Кеше елорда төріндегі Ұлттық музейде «Еуразияның өрнек ырғақтары. Көнеден осы заманға» атты халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті. Оны ұйымдастырушылар – іргесі 1885 жылы Мәскеуде қаланған бүкілресейлік ежелгі өнер ордасы Сәндік-қолданбалы және халықтық өнер музейі мен өзіміздің Ұлттық музей.
Ауыл • 25 Қыркүйек, 2018
Павлодар облысы Май ауданындағы бұл ауыл ресми құжаттарда «Баскөл» аталғанымен, жергілікті халық «Құрама» дейді. Кеңес Одағы кезінде атағы дүрілдеген «Қызыл Құрама» совхозы болды. Атынан көрініп тұрғандай, советтендіру уақытында қызыл түске құмар болдық қой. Қызыл армия, қызыл галстук, қызыл жалау, қыл аяғы клубтағы жиналыстар өтетін үстелдің жабуы да қызыл материалдан болатын... Сол кеңестік дәуірде туған атауларға Жаңатілек, Комсомол, Молблок (молочный блок), Канал, Паром, Темірзагон, Сегіз Ресейді жатқызуға болады.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2018
Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек форумы өтті. Форум аясында «Еңбек жолы» қалалық конкурсының «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» аталымдары бойынша жеңімпаздар және кәсіптері бойынша үздіктер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2018
Кеншілер астанасында эстрада орындаушыларының республикалық «Жұлдыз-2018» ән байқауы қатарынан сегізінші мәрте өтті. Кіл мықтыны анықтайтын конкурс биыл Астананың 20 жылдығына арналды. Өнер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 18 үміткер қатысып, бас жүлде үшін өзара бақ сынасқан болатын.
Технология • 25 Қыркүйек, 2018
Мүмкіндігі шектеулі адамдар робот даяшыларды басқаратын болады
Заманауи технологиялар мүмкіндігі шектеулі жандардың қолын ұзартуды көздеп отыр. Қараша айының соңында япониялық мамандар Токио аудандарының бірінде робот даяшылар қызмет көрсететін мейрамхана ашуды жоспарлауда. Мамандардың айтуынша, даяшы роботтарды мейрамханаға келген қонақтар басқарады.