Үкімет • 26 Қыркүйек, 2023
Бірлескен жобаларға ашық диалог
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Вьетнам Ұлттық ассамблеясы төрағасының орынбасары Нгуен Хак Диньді қабылдады. Вьетнам Парламентінің делегациясы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау үшін елімізге арнайы келді.
Сайлау • 26 Қыркүйек, 2023
Әкім сайлауы: партиялар кандидат ұсынуды бастады
Алда тағы бір маңызды саяси науқан келе жатыр. Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау уақыты жақындап қалды. Саяси партиялар өз кандидаттарын ұсына бастады. Қарағанды облысының екі ауданына Қазақстан халық партиясы да екі кандидатты таңдап, біреуінің құжатын сайлау комиссиясына тапсырды.
Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023
Кейінгі жылдары елімізде жұмыс барысындағы жазатайым оқиғалар жиілеген. Тосын жайлардың басым бөлігі құрылыс саласына тиесілі. Өткен жылы Алматыда өндіріске байланысты 59 оқиға тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған. Ал 26 азамат ауыр жарақат алып, еңбек қабілеті төмендеген.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2023
Жамбылда 10 су қоймасы салынады
Кейінгі жылдары тіршілік нәрінің тапшылығы еліміздің қай қиырында болсын өзекті мәселеге айнала бастағаны мәлім. Тіпті ғалымдар алдағы уақытта ағын су тапшылығы ғаламдық деңгейдегі проблемаға айналуы ықтимал екенін жиі айтып жүр. Сол үшін де өңірлерде өткір мәселені жедел шешудің маңызы зор.
Отбасы • 26 Қыркүйек, 2023
Әуелеген ән мен жырдың кеніне айналған Жамбыл ауданының жұртшылығы Сембаевтар отбасылық ансамблін айрықша құрмет тұтады. Құрылғанына 17 жылға жуықтаған ансамбль құрамында бүкіл бір әулеттің мүшелері өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.