Тәуелсіздік • 22 Желтоқсан, 2021
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық ұлық мерекесінің қарсаңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің өткен тарихы мен талайлы тағдырына оймен оралып, өз басынан өткерген небір қиындықтарды, олардың шешілу жолдарын анық та айқын жайып салыпты.
Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2021
2021 жыл Қазақстанды да, әлемді де сынаған ауыр, күрделі жыл болды. Мұның бәрі коронавирус пандемиясы мен әлемдік экономикалық қиындықтарға байланысты екені түсінікті.
Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы бойынша биыл Nur Otan партиясының мүшелері округтердің 87,5%-ында жеңіске жетті. Өңірлік конференцияларда партиядан ұсынылған 670 кандидат, сондай-ақ 87 өзін өзі ұсынған нұротандық әкім болып сайланды.
Руханият • 21 Желтоқсан, 2021
Түркі академиясының басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Кездесу барысында тараптар түркі халықтарының мәдени және рухани дәстүрлерін одан әрі нығайту және сақтау, осы бағыттағы өзара іс-қимылды артырудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Желтоқсан, 2021
Бішкекте Жүсіп Абдрахманов пен Қасым Тыныстановқа қатысты еңбектер таныстырылды
Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтында қырғыз халқының көрнекті тұлғалары – Жүсіп Абдрахманов пен Қасым Тыныстановтың туғанына 120 жыл толуына арналған алқалы жиын аясында «Қасым жырлары» және мемлекеттік қайраткер Жүсіп Абдрахмановқа қатысты архивтік материалдар жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.