Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2021
Семей әкімдігі отшашудан бас тартты
Биыл Семей қаласында жаңа жылдық отшашу болмайтын болды. Қала әкімдігі осындай шешімге келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
Егемендіктің елең-алаңында Қазақстан «алдымен – экономика, содан соң саясат» ұстанымына басымдық беріп, әуелі алыс-беріс пен барыс-келісті құнттауға көшкені белгілі. Нарық заманының талабы сол, озық елдердің қатарынан көрінуді көздесең – ұсынатын қызметің мен сататын тауарың бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қуантарлығы, жаһандық экономикадағы жағымсыз үрдістерге қарамастан еліміздің сыртқы саудадағы қарқыны бәсеңдеген жоқ.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2021
2022 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?
Таяуда PwC Kazakhstan компаниясы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтаған кезекті жетінші тоқсан аралық зерттеуін жариялады. Зерттеуге Brent мұнайының бағасы, валюта курсы, инфляция, базалық мөлшерлеме арқау болған. Сауалдамаға 11 сарапшы қатысқан. Алайда объективті пікір көрініс табуы үшін бірқатар сарапшылардың аты-жөні құпия қалдырылған.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
Қазақстанда энергия тапшылығы жайлы көптен бері айтылып келеді. Өкінішке қарай, оның алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалып жатыр. Мәселен, биыл еліміз электр қуатының белгілі бір бөлігін Ресейден импорттауға мәжбүр болды. Тығырықтан шығудың балама жолы ретінде атом электр стансасын салу мәселесі қарастырылып отырғаны мәлім. Демек, 2022 жылдың күнтәртібіндегі негізгі мәселелердің бірегейі де осы болмақ деп пайымдаймыз.
Тарих • 31 Желтоқсан, 2021
Аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» (Начальное обучение киргиз русскому языку) атты оқулық жазуды қолға алғанымен, онысын аяқтай алмай өзі өмірден өткені белгілі. Ағартушының 23 бет қолжазбасы қазір Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.