Тағайындау • Бүгін, 13:19
Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
2026 жылғы 7 мамырда Астанада жаңа «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өтіп, партияның ресми қызметі басталды. Съезд барысында делегаттар ұйымның ресми атауын – «Әділет» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі ретінде бекітіп, Жарғысы мен бағдарламасын қабылдады. Партия төрағасы болып Дәдебай Айбек Арқабайұлы сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • Бүгін, 13:00
«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі
Елімізде әскери қызметті заман талабына сай жаңғырту бағытында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның бірі – Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып отырған «Sarbaz+» жобасы. Бұл бастама сарбаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қызмет барысын ашық әрі тиімді етуге және әскердің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.
Партия • Бүгін, 12:49
«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті
2026 жылғы 7 мамырда Астанада «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі басталды. Съезде партияның ресми қызметін бастау үшін қажетті құжаттар – жарғы, бағдарлама бекіту және басшылық органдарды айқындау міндеттері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • Бүгін, 12:29
«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді
Астана қаласында 2026 жылғы 7 мамырда «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі өз жұмысын бастады. Оған Қазақстанның барлық өңірінен шамамен 1000 делегат қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • Бүгін, 12:15
Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады
Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, армияны жаңғырту мен әскери әлеуетті дамыту – мемлекеттік саясаттың өзгермейтін басымдығы. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында бұл тақырып ерекше қоғамдық мәнге ие болып, әскери дәстүрлердің сабақтастығы мен ел игілігі жолындағы қызметтің маңыздылығын айқындай түседі. Армияның қазіргі жағдайы мен техникалық жарақтандырылуы, қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің дамуы, бітімгерлік қызмет пен цифрландыру мәселелері туралы Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен ҚОСАНОВТАН алған сұхбатымызда кеңірек сөз болды.