Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей ұжымы соңғы жылдары «Ясауи ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедициясын, ұйымдастырып, әулиенің ізі қалған жерлерді шарлап жүр. Жуықта осы топ Ақмола өңіріне сапарын жалғастырып, нәтижесінде, Есіл ауданы аумағынан қазақ даласындағы ежелгі қожалар әулетімен кіндіктес Зарбап ананың басына барып қайтты.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021
Өңдеу өнеркәсібі өркендеген Қостанай қаласында экспортқа жоғары сапалы өнім шығаратын тағы бір ет комбинаты ашылды. Beef export group деп аталатын жаңа кәсіпорын жылына 20 мың тонна ет өңдеп, одан шығатын сан түрлі өнімдер мен жартылай фабрикаттарды Қытай, Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктеріне, сондай-ақ Ресейдің іргелес аймақтарына сататын болады.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
Полипропилен зауытының негізгі құрылысы мәресіне жетті
Атырау облысындағы арнайы экономикалық аймақта Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) ЖШС-нің газ-химиялық кешені орналасқан. Қазір мұндағы полипропилен шығаратын кешенде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, алдын ала іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Енді мұнда аталған отандық өнімнің 65 түрлі маркасын шығару көзделіп отыр.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2021
«Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық тұрақтылықты жоғарылатады
2021 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының қаржылық тұрақтылығы жақсара түсті. EBITDA деңгейі – 2,6, бұл өткен жылғы көрсеткіштен едәуір жақсырақ. Былтыр ол 3,6 болды. EBITDA шамамен 1 тлрн теңгеге ұлғайып, жыл қорытындысы бойынша 3,5 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021
Электронды қызмет көрсету мәселелері қаралды
Мемлекеттік органдардың қызметтерін цифрландыру және азаматтарға көрсетілетін онлайн форматтағы қызметтер мәселесі Nur Otan партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында қаралды.