Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021
2021 жыл пандемиялық шектеулермен өрілгені белгілі. Оның салқыны бизнес саласында да анық сезілді. Соған қарамастан, жан-жақты қолдау шаралары арқылы діттеген нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, биыл елімізде кәсіпкерлік субъектілерінің саны артқан. 2021 жылдың 1 қаңтарында республикада 1 млн 357,3 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелсе, осы жылдың 1 желтоқсанында көрсеткіш 1 млн 424 мыңды құрады.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2021
МАДРИД. Либералды демократия әлі де тірі, бірақ әлсіреп қалғанының белгілері айқын көрінеді. Freedom House мәліметтеріне сүйенсек, әлемде 15 жыл қатарынан жаһандық демократиялық кері кету үрдісі жүріп жатыр.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Өткен жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен ұлы ойшыл, адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтті. Ұлы ғұламаның осы мерейтойының біздер үшін ерекшелігі – Әл-Фарабиді әлем жұртшылығы толықтай қазақ жерінің, қазақ елінің тұлғасы ретінде толық қабылдауы. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев: «...Дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде өз мемлекеттерінің баға жетпес капиталы болып саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр», деген болатын. Осы орайда Әл-Фараби есімі қазақ елі үшін ұлттық бренд болып табылады. Осындай ұлы тұлғаны қазақ еліне, қазақ жеріне жеткізген, биыл туғанына 115 жыл толып отырған ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов еді.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Бүгінде жастарымыздың кітап оқуға ықылассыздығы, жалпы қоғамдағы көркем әдебиетті тарату мен насихаттаудағы, оқу бағдарламаларындағы кемшіліктер туралы көп айтылады. Әрине, көркем шығарма мүлде оқылмайды деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бастауыш мектептен бастап жоғары деңгейдегі докторантураға дейінгі білім сатыларындағы әдебиет пәніне қатысты дәрістерде көркем әдеби туындылар оқылады да, оқытылады да. Мәселе – оқылу-оқылмауында емес, оның қалай оқытылуында болса керек.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021
Тіліміздің қолданысын кеңейтетін құрал
Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Қазақ тілі ұлттық корпусы публицистикалық мәтіндер кіші корпусының» тұсаукесер рәсімі өтті.