Руханият • 01 Қаңтар, 2021
Тәуелсіздік – тәңір сыйы. Міне, биыл Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толмақ. Осынау мерейлі жылға қадам басар сәтте Атырауда 91 метр биікте көк Ту желбіреді.
Коронавирус • 01 Қаңтар, 2021
Өткен тәулікте 744 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда өткен тәулікте 744 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2021
Көңіл көншітпейтін ескерткіштер
Мемлекет тарапынан барлық өңірді дамыту мақсатында жыл сайын миллиондаған қаражат бөлінеді. Ал оның игеріліп, игілікке жарауы жергілікті басшыларға тікелей байланысты. Түрлі деңгейдегі әкімдер жыл соңында есеп бергенде де бөлінген қаржының толықтай игерілгенін, оның ел игілігі үшін жұмсалғанын айтып бағады. Шындығында солай ма? Бұл тұрғыда әулиеаталық әкімдердің, жалпы түрлі салаға жауапты басшылардың қаржылық сауаттылығы қандай деген сауал туындайды. Әйтеуір, жыл сайын қағаз жүзінде бәрі жақсы болады да, нақты есеп беру кезінде көптеген көрсеткіштің көңіл көншітпейтіні байқалып қалады.
Өнер • 01 Қаңтар, 2021
Жаһандық өнер көгіндегі жарық жұлдыз. Біртуар балет бишісі. Санкт-Петербургтегі әйгілі Мария театрының прима балеринасы. А.Ваганова атындағы Орыс балет академиясының көркемдік жетекшісі. Бірнеше мәртебелі сыйлықтың лауреаты. «Астана Операдағы» балет труппасының көркемдік жетекшісі. Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры. «Парасат» орденінің иегері. Ойпырмай, осыншама атақ-даңқ пен абырой-беделді бір басына үйіп-төгіп берген Алтынай Асылмұратованың да алмаған асулары бар ма екен?!
Пікір • 01 Қаңтар, 2021
2020 жыл Қазақстанның ғана емес, әлемнің тарихында ең бір ауыр, күрделі және дүние халқын сынаған жыл болды. Мұның бәрі коронавирус пандемиясына байланысты екені түсінікті. Бірақ ел даналығы: «Қатты жерде қақ тұрар, қайратты ерде бақ тұрар» дейді. Қазақстан 16 наурыздан бастап әлемдік дертке қарсы қайратын көрсетті.