Қазақстан • 01 Қаңтар, 2021
Тәңірі алқаған Тәуелсіздікке – 30 жыл!
Биыл – Алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді әлемге жария қылған Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы.
Таным • 01 Қаңтар, 2021
Адамзат баласы келелі кезеңді кейінге қалдырып, жаңа бір жылға қадам басты. Алдағы он екі ай қабырғалы қазақ елі үшін Азат күннің 30 жылдығымен айбарлы. Айтулы оқиға, атаулы күндер көп. Мәселен, осы азаттық үшін арпалысқан ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына – 155, Алаш зиялысы Жақып Ақбаевтың өмірге келгеніне – 145, көрнекті қоғам қайраткері Салық Зимановтың кіндік кескеніне – 100, әйгілі «Айқап» журналына – 110 жыл толмақ.
Технология • 01 Қаңтар, 2021
Жүйрік интернеттің жемісін көрмек
«Қазақтелеком» тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі телекоммуникациялық жобаны – ауылдық елді мекендерге арналған талшықты-оптикалық байланыс желілері құрылысын аяқтады. 25 желтоқсан күні Түркістан облысындағы соңғы 828-ші ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. Жоба жүзеге асырылған 2 жыл ішінде бүкіл ел бойынша 14 514 шақырымдық оптика тартылды.
Технология • 01 Қаңтар, 2021
Тура түсініп тұрсыз. Карантиндік тәртіпте онлайн өмір сүрген қоғамда электронды сауда туралы айтқымыз келіп отыр. Себебі де қарапайым, бүгінде көпшілік америкалық бизнесмен Джефф Безосты білмесе де электронды бизнесті біледі.
Ең қысқа әңгіме • 01 Қаңтар, 2021
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайындағы құнды жәдігерлердің бірі – Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары Амангелді Имановтың қанжары.