Спорт • 29 Сәуір, 2026
VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы аталған Азия додасында табысты өнер көрсетті. Отандастарымыз шешуші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасын 3:0 (4:2, 2:1, 3:2) есебімен жеңіп, қола медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Сәуір, 2026
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Қазақстанда мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны арттыру туралы Президент Жарлығы жобасы әзірленді. Құжат 2026 жылғы 18 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Сәуір, 2026
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
2026 жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша мыңдаған жұмыскердің еңбек құқығын қорғап, жалақы берешегін өндіріп алу бағытында нақты шаралар қабылдады. Нәтижесінде 18,5 мыңнан астам азаматтың құқығы қалпына келтірілді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Сәуір, 2026
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Мәжіліс депутаттары қазіргі медициналық білім беру моделі студенттерге жеткілікті тәжірибе бермейтіндігін атап өтіп, оқу мерзімін тағы бір жылға ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.