• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Наурыз, 2011

Елбасыға ақпарат берді

518 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. О. Мұхамеджанов Президентті Парламент Мәжілісінің заң шығармашылық жұмысы, «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының қызметі туралы хабардар етті. – Мен Елбасыға Президенттің Қазақстан хал­қына Жол­дауына сәйкес 2011-2013 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджетке түзетулер енгізу жөнінде қандай жұ­мыс­тар атқарылғаны туралы ақпарат бердім, – деді О.Мұ­ха­мед­­жанов журналистерге арналған брифингте.