• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2017

Қазақстан биыл 5 млн тоннадан астам астықты экспортқа шығарды

105 рет
көрсетілді

Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда 5171,8 мың тонна астыққа шаққандағы ұнды және астықты экспортқа шығарды, деп жазады Ауыл шаруашылығы министрлігі. Маркетингтік жыл 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды. Осылайша, 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 10 ақпанына дейін 3282,1 мың тонна астық, 1322,8 мың тонна ұн (астыққа шаққандағы – 1889,7 мың тонна) экспортталды. Былтырғы 2015-2016 маркетингтік жылы 5,4 млн. тонна астық және 2,1 млн. тонна ұн экспортқа (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна) шығарылған.
Соңғы жаңалықтар