Бұрқасын салдарынан республикадағы үш облыстың жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
19 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) Жамбыл облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» тас жолының учаскесінде (534-593 шақырым) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ 19 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінудің шектелуі) Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының учаскесінде (593-632 шақырым) көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды.
Бұған қоса, 19 ақпанда сағат 9:15-те республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолының бойындағы 92-258 шақырым аралығында қатты боран мен қалың қардың салдарынан қозғалыс толық тоқтатылған.