• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
21 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Қазақстан командалық есепте төртінші орнын сақтап қалды

155 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындарының үшінші күні аяқталды. Үш күннің қорытындысы бойынша командалық есепте 23 медалі (8 алтын, 8 күміс, 7 қола) бар Күншығыс елі көш бастап келеді. Екінші орынға 20 жүлдесімен (6 алтын, 7 күміс, 7 қола) Оңтүстік Корея орналасса, үздік үштікті Қытай спортшылары қорытындылады. Аспанасты елінің қоржынында 5 алтын, 3 күміс, 5 қола бар. Ал Қазақстан құрамасы бұл көрсеткіште төртінші орынын сақтап тұр. Отандастарымыз үш күн ішінде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жеңіп алды.