• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Фируза Шәріпова ашық жаттығу өткізді (видео)

180 рет
көрсетілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова кіші Флойд Мэйуезердің бокс академиясында жекпе-жек алдындағы ашық жаттығуын өткізді. Қазақстандық боксшының кезекті қарсыласы 22 жастағы ресейлік Юлия Чернобородова болатыны кеше ғана белгілі болды. Ал ұрыс 4 наурыз күні Мәскеуде өтеді. Фируза Ресей астанасындағы «Бокс академиясында» Сергей Кубышевтің қол астында соңғы бірнеше апта бойы дайындалды. Айта кетейік, қазақстандық боксшының алдағы кездесуі титулдық жекпе-жек болуы тиіс еді. Бірақ менеджері Сергей Завилейский екеуі рейтингтік айқас өткізуді жөн көріпті. Дегенмен де ол Астанадағы ЭКСПО көрмесінде ұйымдастырылатын бокс кешінде әлем чемпиондығы атағы үшін сынға түсуі мүмкін.