Біріккен Ұлттар Ұйымы Жоғары комиссарының босқындар бойынша басқармасы бейсенбі күні Қытай үкіметінен 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Бұл ақшалай қаржы ауғандық босқындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жұмсалады. Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Стивен О'Брайен қазіргі таңда 20 млн-нан астам адамға ашаршылық қауіпі төніп тұрғанын атап өткен.
«Біз тарихтың ең сындарлы шағында тұрмыз. Біз жылдың басында-ақ халықаралық ұйым тарихындағы ең алғашқы ірі дағдарыспен бетпе-бет келдік. Осы уақытта 4 мемлекеттегі 20 миллионнан астам адамға ашаршылық қауіпі төніп тұр. Жаһандық деңгейдегі жақсы үйлестірілген ұжымдық әрекет болмаса, адамдар аштықтан қырылып қалады. Аман қалғандары түрлі аурулар мен қиындықтардан зардап шегеді», – деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары.