13 Наурыз, 2017

Бюро отырысы өтті

91 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Ол бойынша Мәжіліс де­пу­таттары Сербиямен халық­аралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарамақ. Келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы халық­ара­лық автомобиль қатына­сында жолаушылар мен жүк­тер­дің тасымалын, олар­дың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ, осындай тасы­мал­дарды орын­­­дауға рұқсат беріл­ген тасы­мал­­дау­шы­лардың жоға­рыда атал­ған мемлекеттердің аумақ­тарында тіркелген көлік құрал­дарымен үшінші елдерге тасымалдарын реттейді. Сондай-ақ, жалпы отырыс­та депутаттар мәдениет мә­селе­леріне түзетулерге қатыс­ты заң жобасын екінші оқы­лымда қарайды деп күтілуде.