• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Мамыр, 2017

Еліміздегі ең ірі әрі байырғы әскери құрылым

474 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысы кезінде Семей өңірінен шыққан батырлардың ерліктері тарих бетінде алтын әріп­тер­мен жазылып қалды. Со­лар­дың бірі – Семейде жүргенде соғысқа аттанған Кеңес Одағының Батыры Мән­шүк Мәметова. Оның ерлігі ешқашан ұмы­тыл­май­ды. Соғыс жылдары бұ­рын­ғы Семей облы­сы­нан май­дан­ға 100 мыңға жу­ық адам аттан­ған екен. Өңір­де 330шы гвардия­­лық ат­қыш­тар ди­­­ви­зия­сы­ның, 8-ші ат­қыш­тар ди­ви­зия­сы­ның және бі­р­қа­тар әс­ке­ри бөлімдердің не­­гізі қа­лан­ған. Ал бүгінде қа­­лада Қа­зақстан Қарулы Күш­тері «Шығыс» өңірлік қол­бас­шы­лығының орталы­ғы орналасып отыр.

Міне, осындай сабақтастықты жалғап келе жатқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үнемі алдыңғы орындардан көрінуде. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде бұл қолбасшылықты генерал-лейтенант Федор Щербаков, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, генерал-лейтенант Николай Поспелов, генерал-майор Василий Рысбаев және тағы бас­қалар басқарып, Семей қа­ла­сында абыроймен қызмет ете біл­ді. Осы қолбасшыларға Ел­ба­сының тапсырмасымен Тәу­елсіз Қазақстанның қуатты армиясын жетілдіру жұмысы тапсырылды. Олар өз міндеттерін абыроймен атқарды.

– Сардарлар мен сарбаздардың айтулы легін дайындай білген осынау білікті басшылардың тәрбиесінен шыққан азаматтар бүгінде Қазақстан Қарулы Күш­терінің жетекші, басшылық қыз­меттерінде жүр, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әске­р­лерінің қолбасшысы, генерал-май­ор Нұрлан Қашағанов. – Тә-

у­ел­сіздіктің 25 жылында жеткен же­тістіктеріміз ауыз толтырып ай­тар­лықтай. Қатарынан төрт жыл бойы Құрлық әскерлері арасында бірінші орын алып отырмыз. Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштердің әскери мәжілісінде 2017 оқу-жаттығу жылын «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық!» ұранымен өткізуді ұсынды. Мұ­ның бәрі де ел қорғанысы қамында ат­қарылып жатқан жұмыстар. Біз­дің мемлекетімізді қорғау – ма­ңызды іс. Әскери борышын өтеу­­ші әр жауынгер өз міндетіне жа­у­ап­кершілікпен қарауы керек. Ал иығында погоны бар әскери жа­у­апты азаматтардың бойында пат­­риоттық сезім, туған жерге, Отан­ға деген құрмет міндетті түр­де болуы шарт.

«Шығыс» өңірлік қол­бас­шы­лығы өзінің әскери дай­ын­дық­тарын күн санап артты­ра түсуде. Жақында 28738 әскери бөлімінің жауынгерлері артиллериялық дивизия ретінде тапсырмаларға сақадай-сай әзірліктерін көрсетті. 220 әскери қызметші мен 39 әс­кери міндетін өтеуші сарбаз «ұрыс алаңына» 2А36 маркалы 5 техниканы, 3 оқтаушы көлікті жә­не тағы басқа да қажетті техни­ка­ларды шығарды. Бұл әскери бө­лімде жауынгерлер өздерінің біліктіліктерін үнемі шыңдап тұ­рады. Әскери борышын өтеуші сар­баздар теориялық жағынан алған білімдерін тәжірибемен ұштастырады. Ал дивизион ма-

йорлары Жалғасбай Исмұхамбетов, майор Нұрлан Апсатаров, капитан Жалын Құрмашев, капитан Фархат Тойчин жауынгерлердің дайындығына әркез ерекше мән береді.

Тәжірибені жетілдіру, білік­тілікті арттыру қашанда маңыз­ды. Жақында «Шығыс» өңірлік қол­басшылығына қарасты әскери бө­­лімдер мен құрамалар ба­та­льон­дарында сержанттардың ко­ман­­дирлік дайындығы жөнінде жи­ын өтті. Мұнда сержанттардың әс­кери шеберлігі, дайындығы пы­сықталды. Сондай-ақ, «Шы­ғыс» өңірлік қолбасшылығы сержанттарының жұмыс әдіс-тә­сіл­де­рі мен озық тәжірибелерін жан-жақты тарату мақсаты да назардан тыс қалған жоқ. Жауынгерлік әзірлік жөнінде сабақ жүргізудің әдісі мен сапасына басты назар аударылды. Жиынның басым бөлігі 44793 және 28738 әскери бө­­лімдерінің оқу базасында және «Шығыс» жалпы әскери полигонында өтті.

«Шығыс» өңірлік қол­бас­шылығы сержанттар құрамы­мен жұмыс жөніндегі топтың нұс­қаушы-сержанты Нұрболат Оқа­совтың айтуынша, батальондар (дивизиондар) сержанттарының командирлік дайындығы жөнінде жиын олардың білімін тексеріп, кәсіби әзірлік деңгейін көтеру үшін аса қажет. Сержантқа күт­пе­ген түрлі жағдайларда шешім қа­былдай білу керек. Сонымен бір­ге, саптық дайындық, дене да­яр­лығы мен кәсіптік тәртіпке қа­тысты 100 сұрақтан құралған бі­рыңғай әскери-кәсіби тест тап­сыру да сержанттардың жау­ап­кер­шілігінде.

Орталығы Семейде орна­лас­­­қан «Шығыс» өңірлік қо­л­­­-

бас­шылығының тірлігі қызу әрі қар­қынды. Жақында Аягөз­де­гі Майлино полигонында 10810 әс­ке­ри бөлімінің әскери жау­ын­гер­ле­рі Т-72 танкінің қа­ру-жа­рағынан ны­санаға дәл тигізіп ату­дан жат­ты­қ­ты әрі сайысты. Штаттық ату­дан 3-ші танк батальонының же­­­к­е құрамы Е.Әубәкіровтің бас­шы­­­лы­ғы­мен үздік деп танылды. Сон­­дай-ақ, 6-шы танк ротасы да олар­­дан қалыспады. Танк эки­п­а­ждарының ішінде аға лей­те­на­нт К.Кенжеғұлов, аға сержа­нт К.Әзілқиясов және танк эки­па­жының командирі лейтенант Е.Құдайбергенов, 3 дәрежелі опе­ратор сержант Ж.Қамбаров жарыстың үздіктері деп танылды. 

«Шығыс» өңірлік қолбас­шы­лы­ғындағы жауынгерлердің бір-бі­ріне деген қарым-қатынасы ерек­ше, сыйластықтары жоғары. Жа­ңадан келген сарбаздарды ке­мсітпей, тең дәрежеде ұс­тап, оларға білгеніңді үйрету – бекітілген қағида. Осыған орай, жақында Қазақстан Рес­пуб­ликасының Бас әскери проку­ро­ры Ерғали Мерзадинов Өс­ке­мен гарнизонының әскери қыз­метшілерімен кездесті. Өскемен гарнизонына қарасты әскери құрылымдар мен бөлімдердің командирлерімен біріктіріліп өткен жиында Қарулы Күштер мен бас­қа да әскери құрылымдарда құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған ведомствоаралық бағ­дар­ламаның барысы тал­қы­лан­ды. Гарнизондағы әскери қызметшілерді әлеуметтік жағы­нан қамтамасыз ету мен құқық тәр­тібінің жағдайы ерекше қа­ралды.

Бас әскери прокурор Е.Мер­за­динов басты назар заң­­дылық пен құқық тәртібін сақтауға ауда­рылуы керектігін айрықша атап өтті. Ал Семей өңірлік гар­ни­зонындағы Әскери полиция жасағы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подпол­ковник Дархан Шаянбаев жұ­байлары әскери қызметтегі немесе өздері де әскери жауапты қызметтегі ханымдармен дөң­ге­лек үстел өткізді. Жиында әйел­­дер кеңесінің төрайымы Ләззат Бөрібекқызы әскери отба­сы­лардың берік болуы, осындай жау­апкершілігі мол жұмыста жүр­се де, ана мен әке болып, от­ба­сына қамқорлық жасауға да бай­ланысты екенін атап айтты. Әрине, енді ғана отбасын құрған жастарға қамқорлық қажет екені түсінікті. Сондай-ақ, көп балалы әскери отбасыларына, әскери қызметшілердің жесірлеріне де жәрдем көр­се­тіліп тұруы керек.

Жиында «Өз тағдырың өз қо­лыңда», «Барлық мәселенің ше­шуі бар», «Қызметтесіңе сен, ол са­ған аға және бауыр!», «Өз-өзіне қол салудың отбасына әкелетін қасіреті» тақырыбында баяндамалар жасалды. Подполковник Дархан Шаянбаев жыл он екі ай ұйымдастырылатын іс-шара­лар әскери қызметшілер мен олар­дың отбасының моральдық-пси­хо­логиялық жай-күйін анықтап, оны қалыпты жағдайда ұстауға сеп­тесетінін және бұл іске үлкен көмек көрсетіп келе жатқан әйел­дер кеңесінің жұмысына риза екендігін айтты. Өйткені, қаз­ақ халқы айтатындай, «Отан от­басынан басталады». Ал жау­ап­кершілігі мол жұмыста жүрген кез келген әскери адамның ту­ған жерге деген құрметі мен пат­ри­оттық сезімі, оның рухани кү­ші­не тікелей байланысты болатыны сөзсіз. 

Міне, осы бағыттағы ауқымды жұ­мыстар бұл күндері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында атқа­ры­лып келеді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист

СЕМЕЙ

Суретті түсірген автор

Соңғы жаңалықтар