• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2017

Шоколад ұсынған түн

320 рет
көрсетілді

Елордадағы ұлттық музейде Халықаралық музей күніне орай «Музейдегі түн» акциясы өтті

Елордадағы шараның ашылу салтанатында Ұлттық музейдің директоры мінд­етін атқарушы Абай Сатыбалдин: «Ұлт­тық музейде биыл үшінші мәрте «Музей­дегі түн» акциясы өткізілді. Оған келу­шілердің қызығушылығы да жыл санап артып келеді. «Музейдегі түн» акциясын ұйымдастыру арқылы халықтың төл мәдениетімізге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарымызға деген құрметін молайта аламыз», деді.  Шара барысында танымдық бағыт­тағы тақырыптық экскурсиялар, «Асық ату», «Арқан тартыс», «Қол күрес» сынды спорттық ойын­дар ұйымдастырылып, бие байлау науқаны басталарда жасалатын «Қымызмұрындық» рәсімінен көріністер көрсетілді. Музей атриу­мында зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар сатылымға қойылған жәрмеңке ұйым­дастырылды.  Тағы бір айта кететін жайт, акция аясында академик Төрегелді Шар­манов басқаратын Қазақ тағам­тану акаде­миясының әзірлеуімен бие сүті­нен дайындалған шоколадтың таныс­тырылымы өтті.  «Музейдегі түнге» келушілердің назарына өнер жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Мұхаметәли Жүгіні­сов, Ринат Малцагов, Шахаризат Сейдахмет қатысқан концерттік бағ­дарлама ұсынылды. Келушілердің барлығы да тың жобаға оң бағасын берді. Әлемдік дең­гейде аталып өтетін бұл акцияның Ұлттық музейде де ұйымдастырылуы бізді ерекше қуантты дейді қонақтар. Тұр­­ғындарды, әсіресе, мұндағы Алтын, За­манауи өнер және Астана зал­да­рын­дағы құндылықтар баурап алды.  Ұлттық музей ашылғалы бері «Музей­дегі түн» акциясы осымен үшін­ші мәрте өткізіліп отыр. 2015 жыл­ғы алғашқы акцияға 23 мың адам қатыс­са, былтыр оған келушілер саны 30 мыңнан асқан. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Наурыз – жаңғыру нышаны» жобасына да астаналықтар мен қонақтар тарапынан осындай бел­сенділік байқалған еді. Енді, міне, биыл олардың саны едәуір артып, «Муз­ейдегі түн» шарасын 37 мыңға жуық адам тамашалапты. Мұндай жетіс­тік­ке музей ұлттық тың жобалармен то­л­ығуы нәтижесінде қол жеткізіп отыр.

Қаршыға КҮЛЕН

Соңғы жаңалықтар