Жыл сайын елордада «Триумф» баллы пәнаралық, республикалық, ұлтаралық байқаулар , ғылыми жобалар мен олимпиадалардыңжеңімпаздарын құттықтау мақсатында өткізіледі.
2016-2017 оқу жылдарында республикалық олимпиада және республикалық байқауда ғылыми жобамен Астана қаласының командасы 1 орынды және «үздік команда» номинациясын иеленіп, 74 жүлделі орынға ие болды.
«Триумф» балына қатысушылар қатарында Астана қаласының 11 сынып оқушылары және осы оқу жылының пәнаралық, республикалық, ұлтаралық байқаулар, ғылыми жобалар мен олимпиадалардыңжеңімпаздары болды.
Балда мектеп оқушыларымен ұстаздарын жеңістерімен құттықтап, құрмет қағаздарын табыстап, республикалық олимпиада және республикалық байқауда алтын жүлдемен марапатталғандар ұлықталды.
Құрметтіқонақ ретінде Астана қалалық маслихат депутаттары және ҚР-ның Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдеріҚР Білім және ғылым минстрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми тәжірибе орталығы, Астана қалалық әкімінің аппараты, елордалық ЖОО жетекші оқытушылары және де Астана қаласы білім орталығының жетекшілері шақырылды.