• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қыркүйек, 2017

Жастар ісі – басым бағыттардың бірі

40 рет
көрсетілді

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Рухани жаңғыру» республикалық жастар акциясын қорытындылады.

Ақтау қаласында, Каспий теңізінің жағалауында «Рухани жаңғыру» жастар акциясы мәресіне жетті.      

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау үшін өткізілген акция ая­сында еліміздің мыңдаған жастары бі­рі­гіп, шараны нағыз мерекеге айналдыр­ды. 

Іс-шара жастарды біріктіру күш ғана емес, сонымен қатар, маңызды қоғамдық шара ретінде танылды.

«Акцияны өткізу – тарихымыздың жаңа кезеңіне бастаған қадамдарымыздың бірі», деді Нұрлан Ермекбаев.

Бұдан бөлек, министр Мемлекет бас­шысының қолдауымен елімізде жас­тар­дың сапалы білім алуы және жетіс­тік­тер­ге жетуі үшін қолайлы жағдай жасалып отырғанын атады. 

Акцияның маңызы тереңнен бастау алады, бұлар адам бойындағы асыл қа­сиеттерді, яғни махаббат, отан­сүй­гіш­тік, жау­апкершілік, білімділік, туған жерді, оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұр­п­ын, та­рихын құрметтеу. Оларсыз тұ­рақ­ты, қа­лыпты және өркендеуші қоғам құ­ру мүмкін емес. 

Сөз соңында министр «Рухани жаң­ғы­ру» жалпыреспубликалық жастар ак­ция­сының аяқталуымен сәйкес келген Ақтау қаласының 54 жылдық мерейтойымен тұрғындарды құттықтады, сонымен қатар Маңғыстау облысы басшылығына алғыс білдірді.    

Еске сала кетейік, акция еліміздің барлық өңірлерінде 4 бағыт бойынша өтті: «Білім», «Асар», «Тағзым», «Өнер». Акция шеңберінде 700-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 70 мыңнан астам жастар қатысты.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар