• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 16:58

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

30 рет
көрсетілді

Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға жаңа терминалдағы паспорттық бақылау аймағында техникалық жұмыстар басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«9 сәуірден бастап 10 күн бойы Т2 терминалының ұшу аймағында, паспорттық бақылау маңында төбедегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстар күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады», делінген хабарламада.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, жолаушылардың қозғалысына шектеу қойылмайды, алайда уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін.

«Аталған жұмыстар – терминалдың жайлылығын арттыруға бағытталған жоспарлы шаралардың бөлігі. Жол жүруді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз, себебі қарбалас сағаттарда кезектер пайда болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Жолаушылар назарына: 15 сәуірден бастап елорда әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді

Соңғы жаңалықтар