• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Руханият Бүгін, 17:30

Алматы, Астана және Шымкенттен тікелей рейс: Биылғы қажылық маусымның кестесі белгілі болды

20 рет
көрсетілді

Қазақстан қажылық миссиясы мен жауапты туроператорлардың қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы алаңында 2026 жылғы қажылық маусымына арналған онлайн жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы, Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері және қажылық сапарын ұйымдастыруға рұқсат алған 14 туроператордың басшылары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – биылғы қажылықты отандастар үшін қауіпсіз, сапалы әрі қолайлы деңгейде ұйымдастыру.

Биыл қажыларды тасымалдау конкурстық негізде Air Astana, SCAT және Сауд Арабиясының Flyadeal әуе компаниялары арқылы жүзеге асады. Рейстер Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан Джидда мен Мәдинаға тікелей орындалады. Қайтар жол да осы қалалардан кезең-кезеңімен жоспарланған. Қажылық маусымы 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді.

Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Жиын барысында қажылардың туркод арқылы елден шығуы, вакцинация талаптары, Сауд Арабиясының заңдарын сақтау, сондай-ақ Қазақстандық квотаға сәйкес ұйымдастыру және шетел азаматтарын тасымалдамау мәселелері қаралды. Туроператорлар тарапынан ұсыныстар мен сұрақтар да ортаға салынды.

Мереке қарсаңында отандық әуе компаниялар рейстер санын көбейтті

Кездесу қорытындысында наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы қажылықты рухани әрі ұйымдастырушылық тұрғыдан жоғары деңгейде өткізу – барлық тарап үшін басты міндет екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар