
Үздіктер тізімінде Украинаның мақтанышы Василий Ломаченко көш бастап тұр. Екінші және үшінші орындарды америкалық Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварес иеленуде. Төртінші және бесінші сатыларға украиналық Александр Усик пен қазақстандық Геннадий Головкин жайғасты. Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарына Эрол Спенс (АҚШ), Срисакет Сор Рунгвисай (Таиланд), Майки Гарсия (АҚШ), Наоя Иноуэ (Жапония) және Мэнни Пакьяо (Филиппин) сынды саңлақтар енді.
Осы боксшылар арасынан әлі де жеңілістің кермек дәмін татпаған төрт былғары қолғап шебері бар. Олар ¬- Теренс Кроуфорд, Александр Усик, Эрол Спенс (АҚШ) және Наоя Иноуэ (Жапония). Ал ең көп ұтылғаны Срисакет Сор Рунгвисай. Тай боксшысы 52 кездесудің төртеуінде жеңілді.