• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 28 Тамыз, 2019

Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады

200 рет
көрсетілді

Кездесу барысында Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Президенттің кадрлық резервін» жасақтаудың негізгі аспектілері жөнінде егжей-тегжейлі баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы аталған бастаманы жүзеге асырудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, жалпы іріктеу үдерісінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді және барлық мүдделі тұлғалардың онлайн-платформа арқылы қатысуына жағдай жасауды тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар