Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан коронавирус COVID-19 анықталды.
Бұл туралы UzNews санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. 15 наурызда сағат 6:00-де Вирусология институтының зертханасында Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан COVID-19 коронавирусы анықталды. Қазіргі уақытта аурудың таралуының алдын алу үшін эпидемиологиялық зерттеулер мен профилактикалық шаралар жүргізілуде.