• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Наурыз, 2020

Алдағы күндері күніне 1 млн данаға дейін маска шығарылады - Ералы Тоғжанов

336 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы күндері Қазақстанда күніне 1 млн данаға дейін маска шығарылатынын айтты.

- Медициналық маскалар Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін ескерткім келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 365 мың маска шығарылады. Алдағы күндерде күніне 1 млн данаға дейін маска шығаруды нақты мақсат етіп қойдық, - деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.